ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Денсаулық сақтау пункттері

Денсаулық сақтау пункттері  – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында тікелей орналасқан, 2014-2015 жылдары «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС басқармасына берілді. Тәулік бойы жұмыс істейді. 
Денсаулық сақтау пунктісінің басты міндеті алғашқы медициналық және білікті медициналық көмекте жұмыскерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. 
Денсаулық сақтау пунктісінің мақсаты жұмыскерлердің денсаулығын жақсарту, аурудың деңгейін  және өндірістік жарақатты, мезгілінен бұрын мүгедектікке шығуды төмендету.   
Денсаулық сақтау пунктісі келесілерді қамтамасыз етеді:    

  • Барлық қаралған науқастар мен зардап шегушілерге жедел көмек көрсету.
  • Қабылдау бөлмесінде жайлы тұрмыстық және психологиялық-эмоционалды жағдайлар жасау.

  • Қызметкермен әдеби және деонтология қағидасын сақтау. 
  • Дәрігерлік тағайындау бойынша емдік-диагностикалық емдеу шаралары мен амалдарды сапалы жүргізу. 
  • Ауысымалды куәландыру жүргізу (алкотест)
  • Тәуекелді топтың (АГ,ИБС) АД жұмыскерлеріне ауысымалды мониторинг жүргізу  
  • Қаралу бойынша қабылдау 
  • Физиотерапиялық емдеу шаралары
  • Кәсіпорын жұмыскерлерінің бақылау тобына рецидивке қарсы емдеу жүргізу 
  • Мерзімді профилактикалық тексеруді жүргізу.

Денсаулық сақтау пункттері санитарлық ережеге сәйкес орын-жайлардың жиынтығына ие. Тізімдік жабдықтардың стандарттарына сәйкес тұрақты құрал-саймандар мен жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, кәсіпорынның жұмыскерлерінде физиолық емдеу шараларын қабылдауға мүмкіндігі бар.  
Денсаулық сақтау пункттерінің барлық қызметкерлерінде еңбек өтілі мен санаттары бар. Тәжірибе жүзінде барлық медициналық жұмыскерлер денсаулық сақтау пунктісіндегі жұмысқа қажетті мамандануға ие: «Физиотерапияның таңдаулы мәселелері», «Алкогольды және наркотикалық сараптау және алкотестпен жұмыс жасау», «Госпитальға дейінгі кезеңдегі жедел дәрігерге дейінгі көмек».